Жаһандануға жұтылып кетпес үшін не істеу қажет? Бұл сауалға Алтай Көлгінов былайша жауап берді.
«Жаһандануға жұтылып кетпес үшін алдымен тарихымызды көрсету қажет. Өзге этностарға бөлінбей ел-жұртқа өзіміздің біртұтас ел екенімізді көрсету керек. Себебі, көріп отырғанымыздай, қазіргі заманның түрлі сыны бар. Кеше ғана дамып жатқан мемлекеттер бүгінде жойылып кетіп жатыр.
Демократия жасаймын деп тұрақтылығынан айырылып, өзгелер сол мемлекеттен керектісін тасып, ал, жергілікті халық қиналып қалып жатыр. Міне, осындай болмас үшін біз бірлігі берік, жарқын болашаққа ұмтылған, зиялы, білімді халық екенімізді көрсете білуіміз қажет.
Сондай-ақ, жүз жаңа тұлғамызды көрсетсек. Мысалы, Димаш Құдайбергенді алайық. Миллиардтаған халыққа Қазақстанды танытты. Ол арнайы барып жарнама жасаған жоқ, өнерімен көрсетті. Сондай-ақ, Данияр Елеусінов те Риода жарқ етіп, еліміздің атын шығарды. Сол сияқты мысалдарды келтіруге болады».
Еске сала кетейік, «Басты тақырыптың» бүгінгі шығарылымы Елбасының Жарлығымен қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның алғашқы отырысына арналды.