Нұрсұлтан Назарбаев: Бүгінгі Ассамблея тарихы - тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Бүгінгі Ассамблея тарихы - тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі (ВИДЕО)

27.04.2017

Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен ҚХА-ның XXV сессиясы болып өтті.

Өзінің сөзінде Елбасы 2017 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті.

«Биылғы Ассамблеяның сессиясы ерекше мезгілде өткелі отыр. Еліміздің үшінші мүшелге аяқ басуымен бірге бұл аса күрделі кезең. Қазіргі әлемдегі ахуал ел тыныштығы тұрақты дамудың ең маңызды  шарты екендігіне көзімізді  тағы да  жеткізіп отыр. Қиын кезеңде бірлігіміздің ұйытқысы, берекеміздің бастауы ретінде құрылған Ассамблеямыз өзіне жүктелген қастерлі миссияны өте үлкен дәрежеде орындап келе жатқаны көз алдымызда.  Бүгінгі Ассамблея тарихы ол тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі болып саналады. 

Бірліктің киелі бесігі, елді ортақ мақсатқа жұмылдыруындағы ортақ тетігі  алдымызға қойып отырған ең басты мақсат -  өркендеп өсіп, 2050 жылы ең жоғары дәрежедегі 30 елдің қатарына қосылып, сол дәрежеге елімізді көтеріп, халқымыздың тұрмыс жағдайын жоғарылату деген сөз. Сондықтан, біз әлемдік ахуал қандай болса да алға қарай ұмытылуымыз керек», - деді Елбасы.  

Хабарламаларға жазылу