Алпамыс Шаримов: Димаш келісімшарт бойынша Қытайда қалады деген жалған әңгіме - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алпамыс Шаримов: Димаш келісімшарт бойынша Қытайда қалады деген жалған әңгіме

26.04.2017

Димаш Құдайбергеновтың PR-менеджері Алпамыс Шаримов «Таңшолпанға» сұхбат берді.

 

Көрермендер тарапынан ең көп қойылған сұрақ: «Димаштың келісімшарт бойынша Қытайда қалатыны рас па?».

 

«Мұның нүктесін бірден қойып тастайық. Бұл - жалған әңгіме. Қазақтың жерінде дүниеге келіп, қазақтың киімін киіп жүрген, қара домбырасын тартып, «Дайдидауын» шырқап жүрген әнші қалай өзге елде өмір сүреді?! Бірақ, Димаш – әлем әншісі. Қазақ әнін насихаттау үшін шетелде көп еңбектенетін болады. Бүгінде көп мемлекеттерден, әлемдік компаниялардан ұсыныстар түсіп жатыр. Ал, келісімшарттармен әкесі Қанат Айтбевпен бірге айналысатын боламыз», дейді ол.   

 

Сондай-ақ, Димаштың біркүндік тығыз кестесіне байланысты тыңдармандары денсаулығына алаңдаушылық білдіруде. Оның қазіргі жағдайы қалай?  Отандық телеарналарға қашан сұхбат береді?

 

Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу