Ерлан Орынбасар: Баян екеуіміздің дуэт әндерімізден құралған жинақ жарыққа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Орынбасар: Баян екеуіміздің дуэт әндерімізден құралған жинақ жарыққа шығады

26.04.2017

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына еліміздің жұлдызды жұптарының бірі, көптің көңілінен шығып жүрген Ерлан Орынбасар мен Баян Нұрмышева қонақ болды.

Бағдарламаға арнайы Алматы шаһарынан келген әншілер сұхбат барысында өздерінің журналистерге деген қарым-қатынастары, бала тәрбиесіндегі ұстанымдары жайлы және жеке өмірлері мен шығармашылықтарындағы жаңалықтары туралы әңгімелеп берді.

«Шығармашылық жайлы айтар болсам, жақында Баянның жеке үнтаспалары жарыққа шығады. Оның бірінде халық әндері және гитараның сүйемелдеуімен орындалған халық композиторларының әндері болса, екіншісі эстрадалық бағытта болады. Үшінші үнтаспа Баян екеуіміздің дуэт әндерімізден құралған жинақ», - дейді Ерлан Орынбасар.

Жайдары көңіл-күймен өткен сұхбат соңында өнер иелері қонақкәде ретінде көрермендерге «Сағындым ана» атты әнді тарту етті.

Хабарламаларға жазылу