Қазбек Майгельдинов: Рухани жаңғыру Елбасының назарынан тыс қалған емес (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазбек Майгельдинов: Рухани жаңғыру Елбасының назарынан тыс қалған емес (ВИДЕО)

25.04.2017

Бүгін «Басты тақырыпта» Елбасы кітапханасы талдау орталығының аға сарапшысы Қазбек Майгельдинов қонақта болып, Елбасы мақаласына қатысты ойын білдірді.  

«Негізі көпшілік арасында неге дәл 2017 жылы рухани жаңғыруға бет бұрдық деген сұрақ бар. Шындығында, рухани жаңғыру Елбасының назарынан тыс қалған емес. 1997 жылғы «Қазақстан-2030» бағдарламасында жеті басымдықтың бірі ретінде кәсіби білім,  білім саласын дамыту сияқты бағдарлар болған.

Одан кейін 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясындағы ең басты басымдықтардың бірі – білікті білім алу саласын дамыту болды. Сондықтан, қазіргі жаһандану процесіндегі рухани мәдениетті алға қою – өзіміздің ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға деген бастама ғана»,-дейді ол.

Хабарламаларға жазылу