Еркебұлан Ағымбаев: Мен биге ерте келдім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркебұлан Ағымбаев: Мен биге ерте келдім (ВИДЕО)

23.04.2017

Ер балалардың би өнерін кәсіп етуі өте сирек және оны құптайтын ата-ана кемде-кем. Ал, Еркебұлан Ағымбаев би өнеріне ерте жастан келген екен.

«Мен биге ерте келдім. Анам биді қатты жақсы көрді. Негізі Семей өңірінің тумасымын. Мені би училищесіне түссін деп, ата-анам Алматыға арнайы көшіп келді. Әкем қарапайым көлік жүргізушісі болса да, өнерге жақын. «Мен өнерлі бола алмадым, балаларым жақын жүрсін» деп, менің биге қатысқаныма қарсы болмады»,-дейді өзі.

Еске сала кетейік, бүгін «Дара жолда» «Наз» мемлекеттік би театрының негізін қалаушылар, хореографтар Еркебұлан, Қадиша Ағымбаевтар қонақ болды.

Хабарламаларға жазылу