23 сәуір кітап күнінің тойлауына себеп болған Уильям Шекспир, Инка Гарсиласо де ла Вега, Мигель Сервантес секілді әлемге белгілі жазушылар. Өйткені, бұл 3 жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері, 1616 жылдың сәуірдің 23-і деседі. Атаулы дата Халықаралық кітап-баспа ассоциациясының бастамасымен 1969 жылдан тойланып келеді.
Бұл мерекені Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы да ерекше атап өтуді жоспарлауда.
«Күннің мақсаты - адамдар арасындағы айырмашылықтарды емес, олардың арасындағы бір-біріне деген ұқсастықтарын көрсету. Оқырмандарды кітапқа ынталандыру. Іс-шара аясында Ұлттық академиялық кітапханада 25-ші сәуір күні үлкен ашық есік күндері болады»,- дейді ҚР Ұлттық Академиясының баспасөз хатшысы Мөлдір Баймаханбетова.