Студия қонағы - Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Әлкей Марғұланұлы.
Қазір халықтың ең көп талқысына түсіп жатқан мәселе – латын әліпбиі. Дегенмен, кейбір сарапшылар «оны саясиландырмау керек», деген пікір айтуда.
«Көршілеріміз Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан латын әліпбиіне әлдеқашан өтіп кетті. Егер, біз қолданысқа енгізсек, нені ескеруіміз қажет?
Латын әліпбиі – қазақ тарихында болған үрдіс. Одан кейін Кеңес үкіметі тұсында ортақ мәдениеттің, ортақ өркениеттің шеңберінде болу үшін кириллицаға өттік.
Қазір заман өзгеше. Қаншама жастар шетелден білім алып келіп жатыр. АҚШ, Батыс елдері, Азияның озық мемлекеттерінің барлығы латын әліпбиін пайдаланады. Латын әліпбиіне көшу – бір күнде шешілмеген мәселе екені жалпыға аян. Бұл артық-кемі сарапқа салынып, елдің дайын екендігін көріп-білгеннен кейін көтеріліп отырған дүние. Расымен, еліміз бұған дайын», дейді сарапшы Ә.Марғұланұлы.