Ерлан Сайыров: Біздің әлеуметтік топ ақшалай көмек алмайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Сайыров: Біздің әлеуметтік топ ақшалай көмек алмайды (ВИДЕО)

17.04.2017

Бүгін Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет бірнеше аймақты әбігерге салған қызыл судың беті 7-10 күнде қайтатынын айтты. Ел бойынша құтқарушылар 4715 адамды қауіпсіз жерге көшірген екен.          

Бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы саясаттанушы Ерлан Сайыров осындай жағдайда әбігерге түскен елге қол ұшын созатын әлеуметтік топтың негізгі миссиясына тоқталды.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, қазір елімізде мыңдаған адам жай-күйсіз қалды. Бұл азаматтарға ең алдымен, азық-түлік, киім-кешек аса қажет. Тағы бір айта кететін мәселе, #taskynkomek хэштегімен шығып жатқан әлеуметтік топ ақшалай көмек алмайды. Біз тек қана ең қажетті заттарды жеткізіп беріп отырамыз. Себебі, қаражат мәселесімен айналысатына мемлекеттік органдар бар.

Бірақ, соның өзінде біз халықты мемлекеттік органдарға жіберіп, оларды құлақтандырып отырамыз. Мысалы, қандай да бір әкімдіктің жанына қор құрылатын болса, біз сол қордың жетекшілерімен табыстырамыз.

Біздің негізгі миссиямыз – қазақстандықтардың бір-біріне бауыр екенін көрсету, бауырмашылықты іс жүзінде қалай жүзеге асыру керектігін көрсету»,-дейді ол.

«Басты тақырыптың» толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу