«Тәй-тәй шоу». 1 жас 6 айлық Әмина Бақытжан мен әнші Шахизаданың немересі Кәусар екінші кезеңнің жеңімпаздары атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәй-тәй шоу». 1 жас 6 айлық Әмина Бақытжан мен әнші Шахизаданың немересі Кәусар екінші кезеңнің жеңімпаздары атанды (ВИДЕО)

15.04.2017

«Тәй-тәй шоудың» екінші кезең шарты бойынша балалар сүйреткіш арбамен немесе ойыншық машинамен шытырманның ішімен жүгіріп өтуі керек. Балақайлардың көлігі шытырман жиегіне тисе, сондай-ақ, анасы оған қолымен көмектессе ереже бұзылады.  Ал, ереже бұзылған жағдайда қауіпті аймақта отырған әкеісінің, ағасының немесе атасының үстіне су құйылады.

Алғашқы қатысушы  - Арсен Бауыржанұлы сүйреткіш арбамен жарысты бастады. Оны анасы, әкесі тіптен, жанкүйерлер қанша шақырғанымен алға қарай жүруі қиын болды. Арсен соңғы минутта жарысқа кіріскенімен, бірінші бұрылысқа жетпей 2 минут уақыт аяқталып қалды.

Ал, 1 жас 6 айлық Әмина Бақытжан бұрыннан жарысқа қатысып жүрген балақай секілді ешнәрсеге алаңдамай тек қана мәреге қарай жүгіріп, жеңіске жетті.

1 жас 2 айға толған бүлдіршін Айша Бақытжан жарысқа жылап отырып кірісті. Бірақ, ереже бұзылып, Айшаның ағасының үстіне бірнеше рет су құйылды. Ол мәреге жете алмады.

Төртінші қатысушы әнші Шахизаданың жеке меншік немересі Кәусар Байпатша жарыста  жақсы белсенділік танытып, бірде-бір рет ойын шартын бұзбады. Тіптен, арасында қол шапалақтап та алды.  Ол мәреге жылдам жетіп, бүгінгі ойын жеңімпазы атанды.

Хабарламаларға жазылу