Химия ғылымдарының докторы, профессор, академик, өнертапқыш Әбдуәлі Баешов талай шәкірт тәрбиеледі. Осы салада көптеген марапаттарға ие. Ғалым ғылыми жұмыстармен айналысуды 1966 жылы Қазақ химиялық институтының 3-курсында жүргенде бастаған.
Содан бері осы күнге дейін 50 жыл бойы үзбей жалғастырып келеді. Бүгінде ғалым түнде жүрудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қондырғыш ойлап тапқан. Бұл құрылғы жүргізушілердің қараңғыда қарсы келе жатқан көліктің жарығына көзі шағылыспай жүруіне мүмкіндік жасайды.
«Ғалым ретінда адамға пайдалы нәрселер ойлап тапқым келеді », - дейді өнертапқыш.