6 сынып оқушысы Өркеннің өлімі дүйім жұртты дүр сілкіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 сынып оқушысы Өркеннің өлімі дүйім жұртты дүр сілкіндірді

11.04.2017

Өркен Алматыдағы №67 мектепте оқыды. Үлгілі оқушы болды. Тәртібі де жаман емес еді, спортқа да бейімі бар болатын. Теннис, шахмат ойнағанды жақсы көретін. Өркен 1,5 жасында ата-анасы ажырасып, шешесінің қолында қалады. Бірақ, соңғы жылдары әжесінің қасында болатын. Әкесі қайта басқа отбасын құрған. Өркен өгей анасында жатырқамады. Одан туған кішкентай қарындасын жанындай жақсы көретін. Ерекше бауырмал еді. Қазір Өркеннің орны ойсырап тұр.

Оның өлімі дүйім жұртты дүр сілкіндірді. 19 қаңтар күні сабаққа кеткен баланы табанынан таусылып барлығы іздеді. Қаралы хабар әжесіне 22 қаңтарға қараған түні жеткен. 3 күн бойы жанын қоярға жер таппаған әжесі Өркеннің өлгеніне сенер сенбесін білмеді. Сол күні сабақтан шыққан Өркенді өгей шешесі күтіп алған. Алдап таксиге мінгізген. Жанында жақындары отырған соң бала жаман ешнәрсе ойламайды. Алайда, Өркеннің өлі денесі қаладағы жертөледен табылады.

«Айтуға оңай...» бағдарламасында бұл жағдайдың қозғалуына Өркеннің  әжесі Бағдагүл Есімбекова  себепкер болған.  Ол арнайы бағдарламаға келіп, жағдайдың мән-жайын айтып берді.

Хабарламаларға жазылу