«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 100 мың адам жұмыспен қамтылады - Жеңіс Қасымбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 100 мың адам жұмыспен қамтылады - Жеңіс Қасымбек

10.04.2017
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 100 мың адам жұмыспен қамтылады - Жеңіс Қасымбек

Бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы – ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Әр мемлекеттің дамуы жолмен өлшенеді. Бірақ, біздің халықтың қырына көп ілігетін мәселе де – осы. Еліміздегі жолдарға министрдің қаншалықты жаны ашиды? Жолдардың сапасы қай деңгейде?

«Әрине, жол сапасына жаным ашиды. Оларды жақсарту - алда тұрған үлкен жұмыстардың бірі. «Нұрлы жол» бағдарламасы Елбасының бақылауында. Ол үшін Ұлттық қордан, республикалық бюджеттен және шетелдік банктерден қаражат бөлінеді.

2020 жылға дейін республикалық маңыздағы 7,5 мың шақырым жолдың сапасын жақсартып, күрделі жөндеуден және реконструкциядан өткізу жоспары тұр.

Бағдарламаның бір бағыты - азаматтарды жұмыспен қамту. Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін жобаларда 75 мың адам жұмыс істеді. Биыл жыл соңына дейін жаңа жобаларда 100 мыңға дейін азаматтар жұмыс істейтін болады», деді министр.

Сондай-ақ, студия қонағы жолдарды жөндеу жұмыстарына отандық құрылыс материалдары пайдаланылып жатқанын атап өтті.

 

Толығырақ

Хабарламаларға жазылу