Шараның мақсаты - азаматтардың табиғатты қорғауға деген патриоттық санасын қоғамның эстетикалық қабылдауын қалыптастыру. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Табиғат ресурстарын реттеу басқармасы мен Медеу ауданының әкімдігі, «Грин Ланд» ЖШС.
Фeстиваль Қазақстанда өсірілетін қызғалдақтарға арналған. Бүкіл әлем бойынша олардың салтанатты шеруі осы жерден басталды. Олар өз отандарын біздің қаладан тапты.
Алматы қаласына сыйлық ретінде Asya Lale и Turkuaz Machinery Түрік компаниясы Алматы қ. Орталық, Президент паркінде негізгі аумағы 3000 шаршы метрді құрайтын қызғалдақтар гүлзарында өсірілген 50 мыңға жуық қығалдақтарды ұсынады .
Фестивальдің бағдарламасында ұжымдық эко ойындар, асфальтта сурет салу конкурсы, шеберлік сағаты және «Қызғалдақ шеруі» плэнері өткізіледі.
Орталық паркке келушілерге қызғалдақтар экспозициялары бойынша экскурсия өткізіледі. Сонымен қатар, мерекелік көңіл-күйді ұйымдастыратын кәсіби әртістер мен өнерпаз балалар ұжымы болады.