Қазақстанда банктер беретін несиенің 85 пайызы - мақсатсыз. Халық той жасауға, өлім-жітімді өткізуге, қымбат көлікке немесе тон-ішіктер бастаған бағалы киімдерді алу үшін қарызданады.
Шымкентте 300-ге жуық тойхана бар. Онда халық жылына 100 млрд. теңгеден астам қаржысын қалдырады. Оның сыртында көліктер шеруі бар.
«Қазақтың тойшыл болуының тарихи себептері бар. 100 жыл жаугершілікті бастан кештік. «Шіркін-ай, бір той көрсек деген» арман-аңсар болды. Қазақ намысшыл. Бірақ, кейде жалған намысқа жол береді» жазушы Мархабат Байғұт.
Ең өкінішсті, тойымыздан талайлар тойынып жүр.
«Мәселенің» мәнін журналист Нұрбек Бекбау зерттеп көрді.