Отандық дизайнер Айгүл Жансерікова елімізде киіз басу өнерін жаңа технологиямен дамытқан кәсіпкер. Ол осыдан 15 жыл бұрын киізден киіммен тұрмыстық бұйымдар жасауға арналған шеберхана ашты.
«Біз бастағанда Қазақстанда киізден жасалған бірде-бір сувенир болған жоқ. Ал, қазір киізден жасалған бұйымдар сәнге айналды. Оған жету үшін көп жұмыс жасадық. Ол - тек қана киіз басу емес. Сырмақ, текемет. Тек көрпеше емес, киімдер, сувенирлер, аксессуарлар. Біз киізден жасалатын бұйымдардың ассортиментін көбейттік. Әрине, сұраныс та пайда бола бастады», - дейді іскер.