Өмірзақ Гүлназым - Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты.
Ерекше техникада сурет салады. Ол - біз кестемен сурет салу.
«Әрине, бұл өнердің өз қиындығы бар. Бізкестемен сурет салу - қазақтың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан өнері. Қазір көрсеңіз, бізкестемен жасалған түскиіздер тек мұражайларда ғана. Неге олар тек мұражайда сақталуы тиіс?! Қазір заман дамыған ғой. Суретші болғандықтан, ескіні неге жаңғыртпасқа», - дейді студия қонағы.