Жуырда продюсер, әнші Сиви Махмуди мен әнші Ринат Баситовтың «Соқыр махаббат» туындысы экрандарға шығады.
Бүгін продюсер мен әнші бағдарлама қонағы болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісіп, киноны түсірудің қыр-сыры туралы айтып берді.
«Бір жыл бұрын осы киноны түсіруді бастадық. Өз рөлімді ойнау үшін бірнеше ай дайындалдым. Соқыр қызды ойнап, өмірін жеткізу үлкен жауапкершілік екенін түсіндім. Зағип жандармен араласып, көп тәжірибе алдым. Өзіме ұнайтын дәрежеде ойнап шықтым.
Мұндай жандарды көргенде көп нәрсені түсініп, өмірдің қадіріне жетесің, көп нәрселерге басқаша қарайсың », -дейді Сиви.