Несіпбек Айтұлы: Секен Тұрысбековтің күйлері ешкімге ұқсамайды - ойлы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несіпбек Айтұлы: Секен Тұрысбековтің күйлері ешкімге ұқсамайды - ойлы (ВИДЕО)

03.04.2017

Ақын  Несіпбек Айтұлы  Секен Тұрысбековтің бірнеше күйлерінің атын қойып, әндерінің сөзін жазған. «Секеңнің әр әнінде философиялық ой жатыр. Бірақ, бір әттеген-айы әншісін таба алмауында. Насихат жетіспейді. Оның әндерінің өзі - бір әлем», дейді ақын өз сөзінде.

Сонымен қатар, күйшінің «Дара жолында» Несіпбек Айтұлы   қазір ән шығаратындармен  күйшілердің көптігін айта келе,  күй шығарушылар өте сирек екенін жеткізді. «Олардың өнері киелі әрі қасиетті. Сондықтан, жастардың қанына күйлерді көбірек сіңірсек, қазір өкініп жүрген көп нәрселердің бәрі тазарар еді», - дейді ол.

Хабарламаларға жазылу