Бүгін, яғни, 28 наурыздан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінен «Тең мүмкіндіктер уақыты» атты жаңа бағдарлама көрерменге жол тартады. Әр сейсенбі сайын эфирге шығатын 15 минуттық хабар түрлі бизнес-идеялар ұсынатын алаңға айналмақ.
Бағдарлама табыстың кілтіне қол жеткізудің қыр-сырына қанықтырып, өндірісті өркендетудің өрісті бастамаларын көрсетеді. Басты мақсат – нәсібін кәсіптен тапқысы келетіндерге бағыт-бағдар беру.
Әрбір хабарға екi кәсіпкерден қатысады. Қос кейіпкердің өмiрге деген көзқарасы да, бизнестегi бағыт-бағдары да әртүрлi. Жаңа жобада тең мүмкіндіктер уақытын тиiмдi пайдалана бiлген замандастарымыз кәсіпкерліктегi алғашқы қадамдары мен аяқтарына нық тұрған сәттерi жайында айтып бередi. Олар алғаш рет табысқа жетудегi өздерiне ғана тән құпиясы бөлiседi. Кімге несие алу оңай? Кім өз міндеттемелерін инвесторлар алдында тиянақты орындайды? Кім жылдам кәсіпқой команда құра алады?
Әр сейсенбі сайын «Тең мүмкіндіктер уақыты» хабарын көріңіз.