«Ұлы дала кілемдері» кілем тоқушылар тобы «Ән салады мамандар» музыкалық шоуында бірінші болып өнер көресетті. Олар Қайрат Нұртастың образында «Бара алмадым қасыңа» әнін шырқады.
Қатысушылардың мақсаты - жеңіске жету. «Егер 3 миллион теңгені ұтып алсақ, көпбалалалы отбасыларға көмектеспекпіз», дейді олар. Музыкалық жобада сәтті өнерлерімен қазылар алқасының жоғары ілтипатына ие болды. Тәлімгері – «Жігіттер» квартетінің мүшесі Айдар Тұрғанбекұлы.
Сонымен қатар, қатысушылар шоу барысында Ұлттық арна ұжымына және жетекшілері Айдар Тұрғанбекұлына алғыстарын жеткізіп, арнайы кілемдерді сыйға тарту етті.