Биыл Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Ұлттық кедендік заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексімен сәйкестендіру мақсатында биыл ЕАЭО-ның Кедендік кодексімен сәйкестендірілген жаңа ұлттық Кедендік кодекс әзірленеді», - деп атап өтті ол министрліктің алқа отырысында.
Жаңа құжат кедендік декларациялау мерзімін азайтады, әкімшілік кедергілердің көлемін кемітеді, сондай-ақ, заманауи теxнологиялардың енгізілуіне ықпал жасайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».