Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалды

15.02.2017
Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы 1959 жылы 28 сәуірде Қарағанды облысында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген.

1985 жылғы шілдеден бастап дипломатиялық қызметте. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде консулдық қызметте, протоколдық-саяси бөлімде, баспа және ақпарат, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімдерінде жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің 1 хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Америка елдері бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі – Департамент директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болған.

2002 жылғы маусымнан – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Королдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Швеция Королдігіндегі, Норвегия Королдігіндегі, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарған.

2007 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылдың шілдеден 2012 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарды.

2012 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі  лауазымында болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті Елші.

 

Хабарламаларға жазылу