Бүгін «Қызық екен...»  жобасы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қызық екен...»  жобасы эфирге шығады

15.02.2017
Бүгін «Қызық екен...»  жобасы эфирге шығады

Бүгін 18:20-да «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Қызық екен...»  жобасы көрерменге жол тартады.

Бұл – жоба қатысушыларының Қазақстан және әлем туралы қызықты фактілерге қатысты білім деңгейін анықтайтын ойын-сауықтық телевикторина. Жоба кез келген көрерменге қызықты, жеңіл әрі көңілді.

Қатысушылар екі топқа бөлініп, 12 тақырып бойынша өзара бақ сынайды.  Әр сұраққа үш жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауап үнемі сюжет, графика немесе анимация түрінде беріледі. Сұрақтар сан алуан.

«Қызық екен...» жобасын  «Қазақстан» Ұлттық арнасынан сейсенбі-жұма аралығында сағат 18:20-да өткізіп алмаңыз!

Хабарламаларға жазылу