Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда жаңа телеарна іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Отандық режиссерлердің көркем және деректі фильмдері, сериалдары енді «Ел Арна» деп аталатын жаңа арнадан берілетін болады.
«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында біз жаңа телеарнаны іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Соңғы жылдары өзіміздің режиссерлер түсірген төл туындылардың көбейіп келе жатқаны аян. Біздің мақсатымыз – сол фильмдердің көрерменге барынша қолжетімді болуына, оларға сұраныстың ұлғаюына негіз салу. Осы арқылы қазақстандық киноөнімдердің саны мен сапасының артуына қолдау көрсету», - делінген министрдің әлеуметтік желідегі жазбасында.