Қытайдағы «Singer-2017» байқауында бақ сынап жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергенді әлемге әйгілі актер Джеки Чан кездесуге шақырып, күртешесін тарту етті. Бұл туралы әнші өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
«Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты!
Ал, мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның «Әлқисасынан» шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы «Kung Fu Yoga» кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті.
Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған ақыл-кеңесін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!..»,-деп жазады әнші.
Еске сала кетейік, Димаш байқаудың бірінші және екінші кезеңдерінде бірінш орын алып, үшінші кезеңінде де үздік үштіктен көрінді. Әнші ендігі кезеңде қытай тілінде ән шырқамақ.
Қазақ әншісіне қытай көрермендерінің тәнті болғаны соншалық, олар Димаштың тілін түсіну үшін қазақ тілі курстарына жазылуда.
Фото: әншінің Инстаграм парақшасынан алынды