Қазақстанның кей өңірлерінде жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның кей өңірлерінде жолдар жабылды

06.02.2017
Қазақстанның кей өңірлерінде жолдар жабылды

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми сайты Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі автотрассалардың жабылуы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазақАвтоЖол» РМК хабарлауынша, 5 ақпанда сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (қар, бұрқасын, боран және жолдын дұрыс көрінбеуі) байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» жолының 615 шақырымынан (Қобда ауылының тұсы) және 526 шақырымына дейінгі (Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейін) аралықта сондай-ақ «Ақтөбе-Астрахань» жолының (Шұбарқұдық ауылы тұсы) 11 шақырымынан бастап Атырау облысы шекарасына дейінгі 330 шақырым аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.

Түнгі 23:15-тен бастап, барлық автокөлік түрлері үшін «Самара-Шымкент» (718-618 шақырымдар, Ақтөбе қ. - Қобда), «Самара-Шымкент» (773-836 шақырымдар, Белогорка-Хромтау) жолдары жабылды. 6 ақпанда 00:15-тен бастап, «Ақтөбе-Орск» (17-135 шақырымдар, Пригородный ауылы-РФ 2-шекарасы), 00-50-ден бері «Ақтөбе-Орынбор» (8-99 шақырымдар, Ақтөбе - РФ шекарасы) автожол бөліктері барлық автокөлік түрлері үшін жабық тұр.

Батыс Қазақстан облысында 6 ақпан, түнгі 03:00-де ауа райы жағдайының нашарлауынан (қар, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» (330-526 шақырымдар) автожолының бөлігі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Алматы облысында «Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ хабарына сәйкес, 3 ақпан күні 21:00-де ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) барлық автокөлік түрлері үшін «Талдықорған-Қапал» (0-76 шақырымдар) жолында қозғалыс тоқтады.

Павлодар облысында 4 ақпан күні кешкі 18:00-де ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Павловка-Галицкое» (0-40 шақырымдар), «Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты» (0-149 шақырымдар), «Шақат-Восточное-Шалдай» (0-121 шақырымдар) автожол бөліктері жабылды.

Ақтөбе облысында 5 ақпан күні 23-00-де ауа райының нашарлауына (қар, бұрқасын және жолдын дұрыс көрінбеуі) байланысты «Донское-Бадамша» (6-45 шақырымдар), «Петрапавловка-Хазретовка» (0-36 шақырымдар), «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» (5-93 шақырымдар), «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» (0-371 шақырымдар), «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі» (0-175 шақырымдар), «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (2-190 шақырымдар) автожолдары жабылды.

Хабарламаларға жазылу