Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдерінің тікелей келіссөздері әзірше күтіліп отырған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдерінің тікелей келіссөздері әзірше күтіліп отырған жоқ

23.01.2017
Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдерінің тікелей келіссөздері әзірше күтіліп отырған жоқ

Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдерінің тікелей келіссөздері әзірше күтіліп отырған жоқ. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне келіссөздерді ұйымдастыру шараларына қатысы бар дереккөз мәлім етті.

Оның айтуынша, қазақстандық тарап жалпы сессияның барлық қатысушыларына алғыс айтып, оның аяқталғандығын жария еткен. Ендігі уақытта келіссөздердің (Астана процесі) барынша шағын форматта жалғасатындығы болжануда.

«Әзірше үкімет пен оппозиция өкілдерінің тікелей келіссөздері күтіліп отырған жоқ, тек дәнекерлер арқылы байланысуда. Дегенмен, екі делегация бір-бірінің сөз сөйлеулерін тыңдап, жауап мәлімдемелерімен алмасты. Дегенмен, келіссөздер процесі  БҰҰ және кепілгер елдердің делдалдығымен өтетін сияқты», - деді  дереккөз ҚазАқпарат  тілшісіне.


inform.kz 

Хабарламаларға жазылу