«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасының жаңа жобаларына аутсорсинг компаниялар арасында өткізілетін байқаудың іріктеу кезеңін жариялайды.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2017 жылдың 20 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайына қабылданады.
Жобалардың жанрлық бағыты:
№ |
Жанр |
ХР |
1 |
Телехикая |
30 |
2 |
Музыкалық бағдарлама |
60 |
3 |
Юморлық бағдарлама |
15-20 |
4 |
Оқу-танымдық анимациялық сериал |
7-10 |
Аудиториясы: 3-12 жас
Тілі: Қазақша
Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап: ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай болуы керек: Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы керек (балалар аудиториясымен жұмыс істегендігі де ескеріледі), ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.
Қосымша ақпарат: Компания туралы қосымша ақпарат пен жасалған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 55 38 01
Қосымша:
«Балапан» телеарнасының жаңа маусым бағдарламаларына арналған байқауға қатысу туралы өтінім (ҮЛГІ)
1. Қатысушының аты ___________________________
2. Бағдарлама атауы _________________________
3. Жанрлық бағыты _______________________
4. Аудиториясы _________________________
5. Өзге де жобаларға қатысқаны туралы:
Жобаның атауы
Тапсырыс берушінің атауы және телефон нөмірі
Жұмыстың түрі және жобаның аяқталған жылы
6. Бар болған жағдайда берілген мінездеме туралы ақпарат:_______________________
7. Байланыс телефоны, мекенжайы және электронды мекенжайы: __________________________________________________________________
8. Қатысушының банктік реквизиттері (БИН немесе ЖСН, БИК, ИИК),банктің толық атауы: ______________________________________ ______________________________________________________________
9. Өтінімге қосымша төмендегілер тіркеледі:
Портфолио (бар болса)
Жоба төлқұжаты;
Басқа да қажетті құжаттар.
«Балапан» телеарнасы тарапынан байқаудың нәтижесі туралы хабарландыру мен ескерту келмесе, шағым келтірмеу міндетін қабыл аламын;
__________________ __________________ _________________
(қызметі) (қолы) Аты-жөні