12 қаңтар, бейсенбі,2017 жыл
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
95 жыл бұрын (1922) Жетісуда алғашқы Қазақ педагогикалық училищесі ашылды.
27 жыл бұрын (1990) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды.
24 жыл бұрын (1993) Түркия үкіметі ресми түрде 1993 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялады.
22жыл бұрын (1995) Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.Әубәкіровке, Т.Мұсабаевқа «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі - «Алтын Жұлдыз» тапсырылды.
16 жыл бұрын (2001) «Аманат» журналының алғашқы саны жарық көрді.
15 жыл бұрын (2002) Алматыда қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі ашылды.
11 жыл бұрын (2006) жазушы-публицист Мырзахан Ахметтің ұрпақ тәрбиесі мен оның сабақтастығына арналған «Бәйтеректің бұтақтары» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1912-1993) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы ҚОНАЕВ дүниеге келді.
81 жыл бұрын (1936-2004) ғалым-топырақтанушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық топырақтанушылар қоғамының мүшесі, Қазақ топырақтанушылар қоғамының президенті, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты АХАНОВ Жақан Уәлишерұлы дүниеге келді.
77 жыл бұрын (1940) белгілі жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері ДОСАНОВ Сәбит Айтмұханұлы дүниеге келді.
74 жыл бұрын (1943) суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі АЛШЫМБАЕВ Сәулетай Әбдірахманұлы дүниеге келді.
65 жыл бұрын (1952) концерттік орындаушы, оркестрдің солисі, профессор ӨТЕУОВ Мұхтар Жамашұлы дүниеге келді.
141 жыл бұрын (1876-1916) американдық жазушы Джек ЛОНДОН дүниеге келді.