«Қазақстан» РТРК» АҚ апталық әлеуметтік тележурналға байқау жариялайды  - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ апталық әлеуметтік тележурналға байқау жариялайды 

07.01.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ апталық әлеуметтік тележурналға байқау жариялайды 

«Қазақстан» РТРК» АҚ тележобаларды таңдауды екі кезеңдік тәртіп бойынша өткізетіндігін хабарлайды.

Өтінімдер 9-20 қаңтар аралығында  Астана қ., Қонаев көш., 4, «Қазақстан»  телеарнасы (14 қабат) мекенжайы бойынша немесе rtrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы  қабылданады.

Жанрлық бағыты: апталық әлеуметтік тележурнал. Ұзақтығы - 15 минут.

Жобаның тақырыптық бағыты: жетім балалар, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірі.

Жобаның техникалық талаптары: Байқауға power point форматында мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған слайдтар немесе бес минуттық бейнероликтер қабылданады. Онда бағдарламаның ұзақтығы, шығу мерзімі, мақсаты мен міндеті, құрылымы толық жазылуы керек. Сонымен қатар, бағдарламаның синопсисі немесе жобаның сценарлық жобасы тапсырылады.

Қатысушы мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс: жоғары кәсіби қасиеттер, тәжірибелік дағды;  түрлі жанрдағы телевизиялық жобаларды құру ерекшеліктері; жұмыс процесін басқару тәжірибесі. Қатысушы бұған дейінгі жобалары қамтылған портфолиосын ұсынуы қажет.

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55-33-32 телефон нөмірі арқылы немесе rtrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы білуге болады.

Хабарламаларға жазылу