73 жыл бұрын (1943) ақын Нұркенже Хасенов дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

73 жыл бұрын (1943) ақын Нұркенже Хасенов дүниеге келді

30.12.2016
73 жыл бұрын (1943) ақын Нұркенже Хасенов дүниеге келді

30 желтоқсан, жұма, 2016 жыл

КСРО-ның құрылған күні

Осыдан 91 жыл бұрын (1922) Кеңестік Социалистік Республикалар одағы құрылып, оның құрамына: Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Латвия, Литва, және Эстония мемлекеттері кірді.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

21 жыл бұрын (1995) Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды.

17 жыл бұрын (1999) Ақмола облысының Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражай-үйі ашылып, қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

5 жыл бұрын (2011) Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған фотоальбом жарыққа шықты.

89 жыл бұрын (1927) орыс химигі Сергей Лебедев бірінші болып  синтетикалық каучук жасау әдісін тапты.

 

ЕСІМДЕР

102 жыл бұрын (1914-1996) тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ қыздар педагогикалық институтының алғашқы ректоры МЫРЗАБЕКОВА Тұрсын дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) ақын ХАСЕНОВ Нұркенже Базарбайұлы дүниеге келді.

62 жыл бұрын (1954) «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, ҚР журналистика академиясының академигі КЕНЖАЛИН Жұмабек Омарұлы дүниеге келді.

 

Хабарламаларға жазылу