«Қазақстан» телерадиокорпорациясында ауыс-түйіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясында ауыс-түйіс

27.12.2016
«Қазақстан» телерадиокорпорациясында ауыс-түйіс

Жаңа жылға жаңа басшылықпен. «Қазақстан» РТРК» АҚ қарасты Семей және Маңғыстау филиалдарының басшылары тағайындалды. Бүгіннен бастап «Қазақстан-Семей» облыстық телеарнасының директоры қызметін Дидар Қосылбеков (Амантай) атқарады. Ал, директордың орынбасары ретінде Ержан Жакупов еңбек етеді.   

керк

«Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасында да тағайындау болды.  «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау филиалы директорының міндетін атқару Жалғас Алтаевқа жүктелді. Аталған телеарналардың ұжымын жаңа басшылықпен таныстыру үшін аймақтарға «Қазақстан» телерадиокорпорация басқармасының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев арнайы барды.  

еноевн

«Қазақстан» РТРК» АҚ Семей филиалының директоры болып  тағайындалған Дидар Қосылбеков (Амантай) 1969 жылы 5 ақпанда туған жазушы, журналист. Негізгі білімі философия және политология, кино бойынша алынған. Еңбек жолы телевизия, баспа саласымен және қоғамдық қор жұмысымен тығыз байланысты.

аптауку

Әр жылдары «Заман-Қазақстан», «Жас Алаш», «Azamat.kz», «Ел мен жер», «Начнем с понедельника», «Аzamat» газеттерінде журналист, редактор, директор ретінде жұмыс істеген.  Телевизия саласында да тәжірибесі мол. Республикалық телеарналарда редактор, сарапшы, тележүргізуші болды.

апта

2006 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Семей филиалының директоры болған Аманғали Жақсыбаев директордың шығармашылық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметіне ауыстырылды.

птап

Семей филиалы директорының орынбасары лауазымына бекітілген Ержан Жакупов 1978 жылдың 13 қаңтарында туған. 1994 – 1999 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ бітірген. Еңбек жолын 1995 жыл Т. Ысмайылов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде бастады. 2006 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Семей қаласындағы филиалында үздіксіз еңбек етіп келеді. Бүгінгі күнге дейін хабарлар редакциясының редакторы, «Алло-02», «Қазақстан 2030» бағдарламаларында редактор-жүргізушісі, жаңалықтар бөлімінде редактор-жүргізушісі, жаңалықтар тілшісі болған.

чаиряв

«Қазақстан» ТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев пен төрағаның аймақтық даму жөніндегі орынбасары Ілияс Ысқақов облыстық филиал қызметкерлерінің жұмысымен танысып, сұрақтарына жауап берді. Кемелбек Бақтығұлұлы аймақ қызметкерлеріне мол мүмкіндік берілетінін баса айтты.

уцу

Облыстағы тілшілердің  республикалық «Қазақстан», «Kazsport», «Балапан» телеарналары үшін ақпарат дайындай алатынына да тоқталды. Бұл, біріншіден – үйрету, екіншіден – журналистер арасында бәсекелестік орнату үшін жасалған қадам екенін нақтылады. Алдағы жоспарлармен бөліскен ол аймақтар арасында ұйымдастырылған сайыста «Үздік түсірілім тобы» және «Тәуелсіздікке тарту» номинациялары бойынша жүлдеге ие болған қызметкерлерді марапаттады. 

цйц

Сондай-ақ, «Қазақстан» ТРК» АҚ Басқармасының төрағасы К.Б. Ойшыбаев Ақтауға барды. Онда  Жалғас Алтаевты Маңғыстау филиалы директоры міндетін атқарушы ретінде таныстырды.

фуефуе

Жалғас Алтаев 1981 жылдың 9 наурызында туған. 2003 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық журналистика мамандығын алған. 2004-2009 жылдар аралығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редактор-сараптаушы, тілші, комментатор болды. 2015 жылдан бастап «Қазақстан» республикалық телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының контент жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Жұмыс барысында өзін қаламы ұшқыр тілші, ойы терең басшы ретінде көрсете білді. Тәжірибесі мол маман ретінде облыстық телеарнаны басқаруға лайық деп танылды. Әзірге директордың міндетін атқарушы болып тағайындалды.

еркер

2012 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалын басқарған Жанахмет Жәнібекұлы Ағыбаев 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне ауыстырылды. «Қазақстан» ТРК» АҚ Семей және Ақтау қалаларында орналасқан  филиалдар жарты ғасырдан бері облыстың тұрмыс-тіршілігін хабарлап келеді. Заман ағымымен бағдарламалар да, техника да өзгертіліп тұрады. Мәселен, «Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасы сандық жүйеге көшірілген, ал бейнетүсірілімнің сапасын арттыру мақсатымен камералар 16:9 форматына ауыстырылған.

Хабарламаларға жазылу