Белгілі ғалым Тұрсын Жұртбай Қазақ хандығына қатысты аса құнды жәдігерлердің бірі Құрбанғали Халидидің «Тауарих хамса» кітабының түпнұсқасын қазақшаға аударумен екі жылдан бері айналысыпты. Осылайша, еліміздің ғалымдарына да түпнұсқамен жұмыс істеуге және түпнұсқадағы тіл, ой терминдерді зерттеуге мүмкіндік бергенін айтады.
«Егер біз Құрбанғали Халидидің осы еңбегі арқылы өз тарихымызды қайтадан пайымдап шығатын болсақ, біз бүгінгі Қазақстанның, жалпы түркі тарихының арғы, біртұтас құрылымына деген көзқарасымыз өзгереді деп ойлаймын. Осы еңбекті аударудағы басты ұстаным – біртұтас түркі тарихының тұжырымын жасауға негіз қалау»,-дейді жазушы Тұрсын Жұртбай.