Тәуелсіздіктің торқалы тойына тамаша тарту! Шымкентте бүгін 96 отбасы пәтерлі болды. Көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы Жол» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында салынып отыр.
Бүгін кезекте тұрған көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ, атажұртқа ат қазығын байлаған қандастар қоныс тойын тойлады.