Елдің ұлттық және әскери қауіпсіздігі үрей туғыза бастады. Барлық жұмыс заң аясында жүзеге асуы тиіс. Сондықтан, шұғыл түрде сауатты жазылған заң жобасына қажеттілік туды. Бұл тапсырма полковник Ким Серікбаевқа жүктелді. Себебі, ол кезде одан тәжірибелі, одан білімді офицер Қазақстанда жоқ болатын.
Әскери ғылымдар докторы Ким Серікбаев:
«Президенттің нұсқауы бойынша, жарты жылдың ішінде доктрина жазып шығу керек болды. Біз жарты жыл ішінде тек доктрина емес , 4 заңды да жазып бердік»,-дейді.