Дала халқы қашаннан егемендік пен елдікті қатар қояды. Себебі, ерлік болмаса, елдік жоқ. Ал, елдіксіз тыныштық, теңдік жоқ. Қазақстан өз алдына жеке мемлекет ретінде Тәуелсіздігін жариялаған жылдары жағдай өте қиын болатын.
Елде Кеңес өкіметінен қалған ескі техникаға толы қоймалар, тәжірибелі ұшқыштар мен отынның жоқтығынан ұшпай тұрған ұшақтар, берекесі кеткен әуе қорғаныс жүйесі және елде штаттық кесте бойынша офицерлердің 40-45 пайызы ғана қалған.
Ең бастысы, әлем бойынша қуаттылығы басым ядролық жарақ та біздің жерде қалған болатын...