Бүгін - Халықаралық танго күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Халықаралық танго күні

09.12.2016
Бүгін - Халықаралық танго күні

11 желтоқсан, жексенбі, 2016 жыл

 

Халықаралық таулар күні

2004 жылдан бері БҰҰ шешімі бойынша «Бейбітшілік - таулардың тұрақты дамуына кілт» атты ұранмен өткізіледі. Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар 10 пайызға жуық тұрғындардың үйі. Бұл - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.

Демікпенің дүниежүзілік күні

Қолқа демікпесі ауруына назар аударту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - денсаулық саласындағы күрделі проблемалардың бірі болып саналатын демікпе дертінің себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру.

Халықаралық танго күні

«Танго королі» Карлос Гарделдің туған күніне байланысты желтоқсанның 11-і күні аталып өтеді. «Танго» сөзі биден бұрын пайда болған. Бұл сөзді басында Канар аралдарында қолданған, оның мағынасы - «негрлердің билеп және барабанда ойнау үшін жиналысы».

Дүниежүзілік балаларға арналған хабар тарату күні

1994 жылғы сәуірде Каннда БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының  өкілдері МИП-ТВ халықаралық телебағдарламалар нарығында жариялады.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

26 жыл бұрын (1990) КСРО басшысы М.Горбачевтің Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы жарлығы шықты.

24 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтінін бекіту туралы қаулысы жарық көрді.

4  жыл бұрын (2012) Павлодарда 100-жылдығы қарсаңында прозашы және драматург Зейін Шашкинге ескерткіш қойылды.

 

ЕСІМДЕР

97 жыл бұрын (1919-1995) әнші, музыкатанушы  Талиға БЕКХОЖИНА  дүниеге келді.

86 жыл бұрын (1930-2001) хирург-пульмонолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласына еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ақпараттану Академиясының академигі ИОФФЕ Лев Цодикович дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1948-2002) техника ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының коррепондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері  Ғибадулла Қабышұлы ЖӘКЕНОВ  дүниеге келді.

213 жыл бұрын (1803-1869) француз композиторы-романтик, дирижер және музыка сыншысы Гектор БЕРЛИОЗ дүниеге келді.

173 жыл бұрын (1843-1910) неміс бактериологы, Нобель сыйлығының лауреаты, қазіргі заманғы микробиология және эпидемиологиянің негізін салушылардың бірі Роберт КОХ дүниеге келді.

104 жыл бұрын (1912-2007) итальян кинопродюсері Карло ПОНТИ (толық аты-жөні - Карло Фортунато Пьетро Понти) дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу