Атырау облысында мұнай химиясымен айналысатын боламыз  -  Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында мұнай химиясымен айналысатын боламыз  -  Мемлекет басшысы

06.12.2016
Атырау облысында мұнай химиясымен айналысатын боламыз  -  Мемлекет басшысы

Жалпыұлттық телекөпір барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, біз зауытты  жаңғыртудың бірінші кезеңін аяқтадық, хош иісті көмірсутек өндірісі бойынша кешен пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта екінші кезеңі - «Мұнайды терең өңдеу кешені құрылысын» жүзеге асыру қарқынды сатыда тұр. Жобаны жүзеге асыру ішкі нарықтағы жоғары октанды бензин мен авиаотын тапшылығын жойып, өндірілетін өнім сапасын жақсартады, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетеді. Келесі жылы-ақ біз каталитикалық крекингке шикізат қабылдаймыз»,  - деді елордамен байланысқа шыққан Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Амантурлин.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті мұнай мен газды қайта өңдеу еліміздің  басты мақсаты екендігін атап өтті. «Сіздердің зауыттарыңыз ең ірі әрі өте қымбат жоба саналады. Біз оны соңына дейін, яғни, екінші кезеңін де толықтай аяқтаймыз. Одан ары Атырау облысында мұнай химиясымен айналысатын боламыз», - деді Назарбаев.

Хабарламаларға жазылу