«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Корпорация журналистері арасында «Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсы жарияланған болатын. Жұмыстар 2016 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданды. Комиссия мүшелері оларды іріктеу жұмысына кірісіп кетті.
Байқау мақсаты - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру, журналистердің кәсіби шеберлігін көтеру, сондай-ақ, оларға моральдық және материалдық қолдау көрсету.
Байқауға 2016 жылдың 1 қаңтарынан 20 қарашасына дейін эфирге шағарылған жұмыстар қабылданды. 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан сайысқа биыл 145 өтінім тапсырылды.
Оның ішінде: «Үздік сюжет» номинациясына – 50 жұмыс; «Ток шоу» номинациясына – 23 жұмыс, «Үздік қоғамдық-саяси бағдарлама» номинациясына – 21 жұмыс, «Радиодағы үздік бағдарлама» номинациясына – 39 жұмыс, «Әлеуметтік желідегі үздік» номинациясына – 7 жұмыс, «Үздік дизайнерлік жұмыс» номинациясына – 5 жұмыс түсті.
Жүлде жұмыс тобына беріледі.
«Үздік сюжет» номинациясының жұмыс тобы – редактор, режиссер, оператор, видеоинженер және дыбыс режиссері.
І орынға – 75 000 теңге;
ІІ орынға – 50 000 теңге;
ІІІ орынға – 40 000 теңге.
«Үздік қоғамдық-саяси бағдарлама» номинациясының жұмыс тобы – редактор, режиссер, оператор, бейнеинженер және дыбыс режиссері.
І орынға - 100 000 теңге;
ІІ орынға - 75 000 теңге;
ІІІ орынға - 50 000 теңге.
«Ток шоу» номинациясының жұмыс тобы – продюсер, редактор, режиссер, қоюшы-оператор, бейнеинженер және дыбыс режиссері.
І орынға - 100 000 теңге;
ІІ орынға - 75 000 теңге;
ІІІ орынға - 50 000 теңге.
«Үздік радио бағдарлама» номинациясының жұмыс тобы – редактор немесе жүргізуші, дыбыс режиссері немесе саунд-дизайнер.
І орынға - 50 000 теңге;
ІІ орынға - 40 000 теңге;
ІІІ орынға - 30 000 теңге.
«Үздік интернет сайт» номинациясының жұмыс тобы – контент-менеджер мен веб-дизайнерлер.
І орынға - 50 000 теңге;
ІІ орынға - 40 000 теңге;
ІІІ орынға - 30 000 теңге.
«Әлеуметтік желідегі үздік» номинациясына әлеуметтік желіде тіркелген корпорацияның қызметкерлері қатысады.
І орынға - 50 000 теңге;
ІІ орынға - 40 000 теңге;
ІІІ орынға - 30 000 теңге.
«Үздік дизайнерлік жұмыс» номинациясына корпорацияның дизайнерлері қатысады.
І орынға - 50 000 теңге;
ІІ орынға - 40 000 теңге;
ІІІ орынға - 30 000 теңге.
«Жыл таңдауы» жеңімпаздары Тәуелсіздік күні қарсаңында анықталады.