19 қараша - Халықаралық ерлер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 қараша - Халықаралық ерлер күні

19.11.2016
19 қараша - Халықаралық ерлер күні

19 қараша, сенбі, 2016 жыл

Халықаралық ерлер күні

Алғаш рет Ерлер күнін 1999 жылы Тринидад пен Тобаго Республикасының тұрғындары атап өтті. Содан бастап ЮНЕСКО-дан қолдау тауып, бұл күнді атап өтуге өзге елдер де қосыла бастады.

Әйелдер кәсіпкерлігі күні

2014 жылдан бастап жыл сайын мерекеленуде. Америкалық жазушы, үй жануарларын күту саласындағы бірқатар компаниялардың иегері Венди Даймонд негізін қалаған. Гондурасқа барған сапарында ол Adelante ұйымында ерікті болды. Жалақысы төмен әйелдерге шағын кредит ұсынды. АҚШ-қа оралғаннан кейін ол түрлі филантропикалық шараларды жылжытуға көмектесе алатын бірдеңе құру қажет деп шешті. Осылайша Әйелдер кәсіпкерлігі күнін мерекелеу идеясы туды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

46 жыл бұрын (1970)  Жамбыл облыстық мұражайына  Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының мүсіні табысталды. Ол кеңес мүсіншісі Евгений Вучетичтің еңбегі.

12 жыл бұрын (2004) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында композитор, КСРО халық әртісі, профессор Еркеғали Рахмадиевтың «Абылай хан» операсының премьерасы болып өтті. Спектакльде театрдың белді жеке орындаушылары - Гүлзат Дәуірбаева, Балапан Жұбаева, Дина Хамзина, Бақытжан Сқақов, Шахимардан Әбілов, Талғат Күзембаев, т.б. ойнады. 

ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1939-2004) тоғыз құмалақтан спорт шебері, республикалық біріншіліктің чемпионы  АЙТМАҒАНБЕТОВ Әбдібек дүниеге келді.

66 жыл бұрын  (1950) қазақстандық суретші, мультипликациялық, көркем фильмдердің қоюшы суретшісі МАМБЕКОВА Раушан Бағдатқызы дүниеге келді.

128 жыл бұрын (1888-1942) шахматтан әлем чемпионы КАПАБЛАНКА Хосе Рауль дүниеге келді.

99 жыл бұрын (1917-1984) үнді мемлекеттік және саяси қайраткері, 1966-1977 және 1980-1984 жылдардағы Үндістан премьер-министрі ГАНДИ Индира дүниеге келді.
 

Хабарламаларға жазылу