18 қараша күні сағат 18:00-де «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Қамшы» ақпараттық порталының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы У.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Көш және Көшбасшы» атты мерекелік кеш өтеді.
Қазақстан Тәуелсіздігін таныған сәтінен бастап этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Маңызды шешімді қабылдап, осы іске мұрындық болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болатын.
Тәуелсіздік жылдары ішінде тарихи отанына 1 миллионға жуық этникалық қазақ қоныс аударды. Бүгінде олардың көбісі өмірдің түрлі саласында биік жетістіктерге қол жеткізді.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында өткізілетін мерекелік концерт Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа көші-қон саясатын салиқалы жүргізуге қатысты қабылдаған шешімі мен жасампаз ісіне алғыс білдіру және құрмет көрсету болып табылады.
Кешке қазақстандық мәдениет және өнер қайраткерлері мен қандас бауырларымыз қатысады.