«Әйел бақытына» күйеуінен қорлық көрген әйелдерден күніне ондаған хат келеді. Ғаламтордан да мұндай оқиғалар туралы жиі оқимыз. Биылдың өзінде 316 әйел күйеуінің таяғын көтере алмай өз-өзіне қол салған.
Гүлжан Әбілқызы - 71 жаста. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. 47 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен. «Қандай жағдай болмасын, ер-азамат өзін ұстауы керек. Әйелге қол көтеру - көргенсіздік. Бір рет қол жұмсаған еркекке жаза қолдану керек», - дейді ана.