Үкімет басшысы Сібір жарасымен ауырған малдардың қорымдарын Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Сібір жарасымен ауырған малдардың қорымдарын Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізуді тапсырды

14.11.2016
Үкімет басшысы Сібір жарасымен ауырған малдардың қорымдарын Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақтыжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Б.Сағынтаев бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын, алайда, жоспарланған іс-шаралардың барлығы бірдей орындалмағанын атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР Премер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовке ветеринарлық қызметтердің жұмысын бақылауды күшейтуді және мал қорымдары мен Сібір жарасымен ауырған малдардың қорымдарын Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы жоспарланған мерзімге дейін Қазақстанның 5 облысының вакциналаумен аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы үшін жұмыс жүргізуді тапсырды.

Еске салқсақ, бүгінгі таңда республикамыздың қалған 9 облысының аумағы ресми түрде вакциналаусыз аусылдан азат аймақ болып танылды.

 

primeminister.kz

 

Хабарламаларға жазылу