Қазақстан 2017 жылдың мамырында аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2017 жылдың мамырында аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы мүмкін

14.11.2016
Қазақстан 2017 жылдың мамырында аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы мүмкін

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Мереке Тайтубаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанның аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы мәлімдеді.

Өңірлердегі эпизоотикалық жағдайдың отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктеріне және ішкі нарықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге тікелей әсері бар.

Халықаралық эпизоотикалық бюроның (ХЭБ) шешімімен республиканың 9 облысының аумағы ресми түрде вакциналаусыз аусылдан азат аймақ болып танылды, олардың арасында Ақмола, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар және Маңғыстау облыстары.  

Қалған 5 облыс бойынша ауқымды жұмыс жасалды, нәтижесінде министрлік Халықаралық эпизоотикалық бюроға вакциналаумен аусылдан азат аймақ мәртебесін алуға толық құжаттама жіберді. Соңғы шешім 2017 жылдың мамыр айында ХЭБ Бас сессиясында қабылданады.

«Тоғыз өңірдің аусылдан азат аймақ мәртебесі бар, ал қалған бес өңір бойынша перспективалар қандай?», - деп сұрады Б.Сағынтаев.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесіне қарайтын болсақ, даму бар, ал, жалпы, соңғы шешім келер жылдың мамыр айында қабылданады», - деді М.Тайтубаев.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу