Ермек Айсын, Райымбек Сатыбалды, Еркебұлан Амантай үштігі өздеріне «Томпақ және оның достары» деген атау қойып алған.
Ермек Айсынға Мейрамбек Бесбаев пен Ринат Зайытов «топтан көре алмадық», деген пікір білдірді. әріптестері де Ермектің бүгін өзін көрсете алмағанын жеткізді. Ермек Айсын жобаны осы арадан аяқтады.
Ал, Райымбек Сатыбалдыға үш тәлімгер тетікті ойланбастан басты.
Еркебұлан Амантайдың да өнеріне тәнті болған тәлімгерлер, оны жобада қалдырды.
Жігіттер «Аяулым» (Т.Мұхамеджанов/Ш.Сариев) әнін орындады.