Эпик, жыршы Берік Жүсіп пен өнертанушы, әнші Ерлан Төлеутай «Ой-толғау» бағдарламасында қонақта.
«Айтылған сөзіңізден айныған жоқсыз ба?» айдары:
Берік Жүсіп осыдан бірер жыл бұрын «Қазақстандағы этностарды біріктіретін - халық музыкасы. Себебі, халық музыкасы - барша этностардың өзегінде жатқан ең қастерлі дүние», деген екен. Жыршы қазір қандай көзқараста?
«Өгей мәдениетпен уланған жастарымыз бесіктен белі шықпай жатып-ақ жаппай ән жазғыш, композитор атануға көшкен. Әрине, олардың «ән жаздық» деп жүргені сол шетелдік мағынасыз, жын-ойнақ музыкалардың көшірмесі ғана. Яғни, көбісі ұрлық, плагиаттық дүниелер». Бұл - Ерлан Төлеутайдың бірнеше жыл бұрынғы пікірі. Әнші әлі де осы ойынан айныған жоқ па?
«Ой-толғаудан» көріңіз.