Ауғанстандағы ГФР елшілігі жанында жарылыс болды: 4 адам қаза тауып, 100 шақты адам жараланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандағы ГФР елшілігі жанында жарылыс болды: 4 адам қаза тауып, 100 шақты адам жараланған

11.11.2016
Ауғанстандағы ГФР елшілігі жанында жарылыс болды:  4 адам қаза тауып,  100 шақты адам жараланған

Ауғанстанның солтүстігіндегі  Мазари-и-Шариф қаласында орналасқан Германия елшілігі жанында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Euronews.com.

Болжамдарға сәйкес, терактіні «Талибан» қозғалысының жауынгерлері жасаған. Ал, жарылғыш зат салынған автомобильде жанкешті болған. Ол елшіліктің қабырғасын қаққан. Оқиға кеше жергілікті уақытпен сағат 11-де болды деген мәлімет бар. Сондай-ақ, жарылыспен қатар, оқтың да дауысы естілген. Жауынгер-радикалдар терактіні өз мойнына алып отыр. 

«РИА Новости» Германияның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, шабуылдан елшілік қызметкерлері зардап шекпегенін айтады. Алайда, ГФР СІМ жарылыстан қанша ауғандық бейбіт тұрғын қаза болғанын әзірге нақты айта алмайды. 

DPA агенттігіне сілтеме жасаған неміс БАҚ-ы қайтыс болғандар кемінде 4 адам, тағы 119 адам жарақат алған, деп хабарлауда. Неміс дипломаттары елшілік ретінде пайдаланған Mazar Hotel жанында болған алғашқы жарылыстан соң, екінші жарылыс мекеменің ішінде болған.

Одан кейін далада атыс басталған. Талибтер өкілінің хабарлауынша, бұл шабуыл америкалық авиацияның 3 қарашада Кундуз елді мекенінде 30-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан бомбалауға  жауап ретінде беріліп отыр.

tengrinews.kz

Хабарламаларға жазылу