9 қараша - Халықаралық ядроға қарсы акция күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 қараша - Халықаралық ядроға қарсы акция күні

09.11.2016
9 қараша - Халықаралық ядроға қарсы акция күні

9 қараша, сәрсенбі, 2016 жыл

 

Халықаралық ядроға қарсы акция күні

Бұл күні ядролық энергетиканы дамытуға қарсы және оның қауіптілігін арттырғаны үшін наразылық акциялары, демонстрациялар өтеді.

д

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

25 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстанның А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді.

20 жыл бұрын (1996) Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

роб

19 жыл бұрын (1997) Тегеранда ислам әлемінің экологиялық апаттардан зардап шеккен аймақтарына: Арал теңізінің бассейні мен Семей ядролық полигон аймағына көмек көрсету туралы Қарар қабылданды.

12 жыл бұрын (2004) 9-11 қарашада Астанада «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық конкурсы өтті.

12 жыл бұрын (2004) Өскеменнің Өнер мұражайында «Самородок» ерікті суретшілер клубының беташар рәсімі өтті.

11 жыл бұрын (2005) Байқоңыр ғарыш айлағынан «Венера-Экспресс» еуропалық ғарыш аппараты бар «Союз-ФГ» зымыран тасымалдағышы ұшырылды.

10 жыл бұрын (2006) Қазақстанның еңбекші әйелдерінің бірінші конгресі өз жұмысын бастады.

8 жыл бұрын (2008) Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға арналған ескерткіш ашылды.

7 жыл бұрын (2009) Алматыда белгілі кинооператор, Халық әртісі, Кинематографистер одағының мүшесі Ескендір Тынышбаевтың 100 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды.

5 жыл бұрын (2011) белгілі қазақстандық жазушы Роллан Сейсенбаевтың редакциясымен Мағжан Жұмабаевтың «Күннен туған баламын» атты жаңа жинағы шықты.

5 жыл бұрын (2011) Алматыда қазақ тілінде «Алдар көсе оқиғалары»  атты қазақстандық толықметражды көркем фильмінің премьералық көрсетілімі өтті.

лз\х

27 жыл бұрын (1989) 9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні Берлиннің шығысынан батыс бөлігіне азаматтардың еркін өтуіне жол ашылды. Берлин қабырғасы құлады.

бро

 

ЕСІМДЕР

52 жыл бұрын (1964) экономика ғылымдарының кандидаты Асқар Сұлтанұлы СМАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

36 жыл бұрын (1980) шахматшы, халықаралық шебер, шахмат қайраткері, жаттықтырушы Индира Жағыпарқызы БАБАТАЕВА дүниеге келді.

юж

215 жыл бұрын (1801-1874) құнарландырылған сүтті ойлап тапқан америкалық өнертапқыш Гейл БОРДЕН дүниеге келді.

198 жыл бұрын (1818-1883) орыс жазушысы Иван Сергеевич ТУРГЕНЕВ дүниеге келді.

эщ

139 жыл бұрын (1877-1959) итальян заңгері, журналист, саясаткер, 1946-1948 жылдардағы Итальян республикасының бірінші президенті Энрико де НИКОЛА дүниеге келді.

дш

81 жыл бұрын (1934-1996) америкалық астронавт Карл САГАН дүниеге келді.

бьр

80 жыл бұрын (1936-1992) кеңес шахматшысы, гроссмейстер, шахматтан әлемнің 8-чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері ТАЛЬ Михаил Нехемьевич дүниеге келді.

иа

Хабарламаларға жазылу