Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ауылдардың медициналық кадрлармен қамтылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ауылдардың медициналық кадрлармен қамтылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды

08.11.2016
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ауылдардың медициналық кадрлармен қамтылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында ауылдық жерлерді медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

«Қазір біз айтқандай, жалпы түлектердің 23 пайызын ауылдық жерлерге жіберуіміз керек. Тамара Қасымқызы (Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі. – АА), Сіз біздің ауылға жіберген адамдарымыздың онда қаншасы қалатыны, оларға онда қандай жағдай жасалатыны туралы ештеңе айтпадыңыз. Олар сол жерлерде медициналық көмек көрсете алуы үшін қажеттінің бәрі бар ма, олардың қаншасы қайтып оралады, неге қайтып оралады және одан кейін олар қайда кетеді? Бұл - аса маңызды мәселелер. Мұны назарда ұстауымыз қажет», - деді Б.Сағынтаев.

Еске салайық, сондай-ақ отырыс барысында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев ҚР ДСӘДМ мен БҒМ-іне Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырған болатын.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу